2024 жылғы 19 қараша күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастарының қатысуымен диалог іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобаның аясында өтті.
Аталмыш әлеуметтік жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Іс-шараның мақсаты:
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы, жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, кеңес, нақты көмек беру.
Іс-шара қонақтары Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері, «ЖАҢАРУ» РҚБ және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Диалогққа келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:
- Саранова Данара Юрьевна – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының директоры;
- Бекдәулет Бейсенбайұлы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы;
- Бекешев Сұлтанбек Евгениевич , «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы;
- Жайлаубек Шыңғыс Нұржанұлы – аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, Шымкент қаласы Полиция департаменті;
Диалог іс-шарасы Шымкент қаласы білім беру басқармасы мен «ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қаласы филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шара жоспары негізінде ұйымдастырылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі