«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қарағанды облысының филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында облыстық филиал директоры Құрманғазы Зәкірұлы Сембиевтің басшылығымен 18 қараша 2024 жылы «Bolashaq» Аакадемиясының 4 курс студенттері Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "ЖАС ҰЛАН" мектебі РММ курсанттарымен кездесіп, мектептің ішкі жұмыстарымен танысты.
Мектеп офицері студенттерге мектептің күнделікті тыныс-тіршілігі интернаттық жүйеде ұйымдастырылғанын таныстырды, сондай-ақ «ЖАС ҰЛАН» РММ негізгі міндеттерін саралап түсіндірді:
Іс-шараның басты мақсаты Әскери оқу орындарында оқыту үшін тәрбиеленуші жастардың жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасалғанын;
2. Ұлттық және жалпы адами қасиеттер негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына, ғылым мен практиканың жетістіктеріне бағытталған мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете оқыту, күшейтілген әскери, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығын насихаттау;
3. Болашақ жастарымызды Қазақстандық патриотизмге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге;
4. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "ЖАС ҰЛАН" мектебінде тәрбиеленушілер үшін жоғары адамгершілік, моральді-еріктік және психологиялық қасиеттерді дарытуға, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға негізделген.
Мектеп ұжымы студенттерге дене шынықтыру даярлығы, моральдық-психологиялық кабинеттерді аралатып насихат жұмыстарын көрсете білді.
«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі