«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Астана қаласында салтанатты жиналыс өтті

В городе Астана прошло торжественное собрание 18.11.2024

2024 жылғы 18 қараша күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Жиынға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылған болатын.

Бұл салатанатты іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділеріде қатысты.

Жиналыста Агенттіктің 10 жылдық мерзімдегі қызметінің қортындысы баяндалды.

Бас баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жақсы нәтижеге жеткен мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жекелеген тұлғалар аталып, оларға түрлі марапаттар тапсырылды.

Марапат иелерінің арасында «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері  М.З. Семғалиев және «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Б.Б. Мамраев болды, олар «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне – 10 жыл» атаулы мерейтойлық медалімен марапатталды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-11-18 at 17.36.55.jpeg


Тізімге оралу