15.11.2024
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қаласындағы филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу" әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде филиал директоры Борис Аликенұлы Жапаровтың басшылығымен 2024 жылы 15 қарашада жастармен бірнеше кездесулер ұйымдастырды.
Іс-шаралар «Алматы сервис және технологиялар колледжі» және «Алматы мемлекеттік Электр-механикалық колледжі» базасында өтті. Бостандық ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы майоры Әйгерім Маратқызы Нұрғалиева, Бостандық ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы аға лейтенанты Өркен Ғалымұлы Ахмадиев, студенттер, оқытушылар, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қаласындағы филиалы кеңесінің мүшелері Айгүл Шопшекбайқызы Шопшекбаева, Олжас Малкаждарұлы Турманов, Мұхтар Ходжабай және Заңғар Ибрагим қатысты.
Бұл кездесулердің негізгі мақсаты жастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыру, оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты дүниетанымды қалыптастыру, сондай-ақ құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар заңдылық, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік және парасаттылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы мәселелерін талқылады. Ювеналды полиция өкілдері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығына назар аудара отырып, өз тәжірибелерінен мысалдармен бөлісті.
Мұндай бастамалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс пен қоғамдық сенімді нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады, өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі