2024 жылдың 11 қарашасында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Абай облысы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобаның аясында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің студенттерінің қатысуымен кезекті флэшмоб акциясы іс-шарасы өтті.
Мақсат жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, құқықтық білім беру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, яғни адамның құқық негізінде өмір сүруге, заңдарды құрметтеуге, өз құқықтарын қорғауға,құқық қорғау органдарына сенім денгейін арттыру, жалпы айтқанда жоғарғы құқықтық сана сезімді насихаттау.
Іс-шараны ЖАҢАРУ РҚБ-ің Абай облыстық филиалы директоры Құмаров Талғат Қажмухаметов ұйымдастырды. Флэшмоб акциясы іс-шарасы бірнеше дүркін самбодан Азиялық чемпион, Әлемнің 3-дүркін жүлдегері, таяуда Таджикистан да өткен әлем чемпионатында 2 орын алған Марат Қарақанов қатысты. Іс-шарасы соңында “Жас қыран” жастар ұйымының мүшелері “Жастар-ел болашағы”,”Жемқорллыққа жол жоқ!”,” Құқықтық сананы-көтерейік!” тақырыбында флеш-моб өткізді. Іс-шара барысында буклет флаерлар таратылып сауалнамалар жүргізілді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі