2024 жылғы 31 қазан күні Көкшетау қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысының полиция департаментінің ғимараттарына рейд ұйымдастырды.
Рейдке «ЖАҢАРУ» РҚБ жанындағы «Жас Қыран» жастар ұйымының белсенділері қатысты.
Рейд кезінде «ЖАҢАРУ» РҚБ жанындағы «Жас Қыран» жастар ұйымының белсенділері Ақмола облысы полиция департаментінің Мұражайында, Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметшілер мемориалында, Орталық жедел басқармасында болды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының Директоры И.Г. Плюснин рейд соңында: «ЖАҢАРУ» РҚБ жанындағы «Жас Қыран» жастар ұйымының белсенділері құқық қорғау органдарының жұмысы және олардың қоғамдағы рөлі туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік алды. Мысалы, Ақмола облысы полиция департаментінің Мұражайының инспекторы, полиция аға лейтенанты Айдана Бақытжанқызы Исинаның полиция қызметінің тарихы мен қызметі туралы қызықты әңгімесі жастарға құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті. Мұндай шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға ғана емес, жастардың алдында құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыруға да септігін тигізетініне сенімдіміз. Барлық қатысушыларға рейдке белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамын! Біз бірге жарқын болашаққа қадам басамыз!» деді.
Бұл рейд «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде ұйымдастырылды.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі