
Кездесу барысында Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің орынбасары Жетібаева Нұрхал жастарға тәрбиемен білімді қатар алып жүру екенін нұсқап , “Жас қыран” жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы” облыстық филиалының төрағасы Бақдәулет Сансызбайұлы, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкері Әмір Әбдісалам Алдиярұлы, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Абенова Эльмира қатысып, сөз сөйледі. Мұғалімдер мен студенттердің сұрақтарына Заң аясында жауап берді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық үнпарақтар таратылды.
“ЖАҢАРУ” баспасөз қызметі