
2024 жылғы 21 қазан күні Астана қаласындағы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңсесінде Дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел кезінде келесі сұрақтар талқыланды:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары туралы».
Дөңгелек үстелге келесі тұлғалар шақырылды:
- Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлері;
- республикалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының өкілдері;
- халықаралық ұйымдардың өкілдері;
- халықаралық мәселелерді зерттеп жүрген сарапшылар;
- ғалымдар мен студенттер;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ облыстық және қалалық филиалдарының Директорлары (онлайн);
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері.
Іс-шараны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы М.З. Семғалиев модератор болып жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі сұрақты талқылауға келесі тұлғалар қатысты:
- Д.Р. Рахметуллин, заңгер, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры;
- А.Е. Оңғарбаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алдын алу қызметі Талдау жұмысын үйлестіру және ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының Басшысы;
- С.С. Ерімбетов, заң ғылымдарының кандидаты, 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі,;
- А.М. Омар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сотқа дейінгі тергеу қызметі Аймақтық бақылау және әдістемелік жұмыс басқармасының Аға тергеушісі;
- С.М. Қойбақов, заң ғылымдарының докторы, халықаралық терроризммен күрес саласының маманы;
- А.Қ. Тұранкұлова, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Норма шығару және халықаралық ынтымақтастық департаменті Норма шығару басқармасының Бас консультанты;
- Д.Қ. Мыңбай, техника ғылымдарының кандидаты, «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің мүшесі;
- Е. Бадыхан, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы бағдарламалар Офисінің өкілі;
- Қ.Е. Төлендиев, Жамбыл облысы Тәртіптік кеңесінің Төрағасы, «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Директоры (онлайн);
- Д.Ю. Саранова, халықаралық құқықтану саласы бойынша сарапшы;
- О. Көпбай, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің 2 курс студенті;
- О.Ә. Әбдікәрімов, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы;
- М.З. Семғалиев, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы.
Жарыссөзге қатысқандар аталған Заң жобаларының:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы дамытатынын;
- бұл жобалардың шетелдердегі озық тәжірибелерге негізделгенін;
- осы жобалардың жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары аталған Заң жобаларын жан-жақты түсіндіріп, талқылау кезінде туындаған сұрақтарға нақты жауаптар қатты және осы жобалардың жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыруға қалай ықпал ететінін айтып берді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, заңгер Д.Р. Рахметуллин:
- талқыланып отырған Заң жобасы арқылы заңнамадағы алаяқтық туралы баптарды сыбайлас жемқорлық санатына жатқызу керек, сонда мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі артады, бұл халықтың, әсіресе жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін жоғарлататынына өте зор ықпал етеді.
3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты С.С. Ерімбетов:
- қарастырылып отырған Заң жобаларында екі ұштылық болмау керек. Нақты, бұрмалауға болмайтын заң қағидаттары құқықтық сауаттылықты арттыру іс-шараларын жүргізуге ыңғайлы болады, әділетті шешім қабылдауға оң ықпал етеді, бұлар өз кезегінде құқықтық органдарға деген сенімді күшейте түседі.
Заң ғылымдарының докторы, халықаралық терроризммен күрес саласының маманы С.М. Қойбақов:
- заңнамаға шетелдегі озық тәжірибені енгізу дегеніміз дұрыс, бірақ оларды жан-жақты сараптамадан өткізу керек, онсыз болмайды, өйткені әр елдің өз ерекшеліктері болады, байқағаным біздің елдің ұл-қыздарының және жас мамандарының білімділігі, оның ішінде құқықтық сауаттылығы жылдан жылға артып келеді, бұл мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметшілеріне деген сенімнің көтерілуіне көмегін тигізіп жатыр.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы бағдарламалар Офисінің өкілі Е. Бадыхан:
- Дөңгелек үстелге шақырғандарыңызға рахмет! Талқылау қызу жүріп жатыр. Басқа халықаралық сарапшылардың айтқандарына қосыламын. Бұл Заң жобаларын «ЖАҢАРУ» РҚБ ұстанымдары тұрғысынан қарастырып жатқандарыңыз дұрыс деп санаймын, өйткені бұл Дөңгелек үстелді осы бірлестік ұйымдастырып отыр ғой.
Жамбыл облысы Тәртіптік кеңесінің Төрағасы, «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Директоры Қ.Е. Төлендиев (онлайн):
- бұл Заң жобаларын талқылау біздің облыста да өтіп жатыр, оған қозғалысымыздың белсенділері қатысып жүр, онда бірлестік қағидаттары тұрғысынан туындайтын ұсыныстарымызды айтып жүрміз.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов:
- Бүгінгі және осыған дейінгі талқылаулар сыбайлас жемқорлық бойынша заңнаманы дамытуға бағытталған. Превенция қызметін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен алып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беру керек деп санаймын. Сонда Антикоррдың құқық қорғау органы ретінде маңызы артар еді. Ал, екінші агенттік превенциямен түбегейлі айналысса абзал болар еді, сонда бұл агенттік кадрларды оқыту, орналастыру сұрақтарымен ғана емес, оларды тәрбиелеу жұмысын да жүйелі түрде жүргізер еді. Бүгінгі барлықтарыңыздың ұсыныстарыңыз біздің бірлестіктің қағидаттарына сәйкес келіп жатты. Заңдар жалпыға бірдей түсінікті болса, мемлекеттік органдардың қызметтері де түсінікті болар еді. Сонда жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру оңайға түсер еді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы М.З. Семғалиев:
- Бұл Заң жобалары көптен бері республикалық және жергілікті мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда талқыланып жатыр. Ол жиындарға бірлестіктің өкілдері қатысып жүр. Бұл талқылауларда біз осы құжаттардың жобасын Президентіміздің бастамасы, бірлестік Жарғысы, бірлестік жүзеге асырып жатқан Әлеуметтік Жобаның қағидаттары тұрғысынан қарастырып отырамыз, өзіміздің идеяларымыз бен ұсыныстарымызды заң жазушы және заң қабылдаушы органдарға жеткізудеміз.
Осы іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі









