
2024 жылдың 18 қазанында Шымкент қаласы полиция департаментінің қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен 100-ге жуық адамның қатысуымен іс-шара өтті.
Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, оларды құқық қорғау органдарының жұмысымен кеңінен таныстыру және полиция қызметіне деген қызығушылығын ояту.
Аталған жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қатысушылардың құқық қорғаушылармен бір күн өткізуге және олардың жұмысымен танысуға мүмкіндіктері болды. Іс-шара барысында жастар патрульдік полиция жасақтарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқамасына қатысты, Оперативті басқару орталығына және департаменттің мұражайына барды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік бойынша мастер-класс өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, олардың құқық қорғау қызметі туралы ақпараттануын және полицейлік қызметке қызығушылығын күшейту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық қорғаудың деңгейін көтеру.
Спикерлер ретінде: Полиция полковнигі, Оперативті басқару орталығының бастығы Асқар Әліпбаев
Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев
Шымкент қаласындағы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиалы директорының м.а. Данара Саранова сөз сөйледі.