
2024 жылғы 16 қазан күні Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінде кездесу өтті.
Бұл іс-шараны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырды.
Кездесуге:
- колледждің студенттері мен жас мамандары;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері шақырылды.
Іс-шараға:
- Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов;
- тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, академик М.О. Әбсеметов;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының басшысы Қ.Х. Әлиев;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының Директоры И.Г. Плюснин;
- колледж Директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Т.И. Бугаева;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының «Жас Қыран» жастар ұйымының Басшысы Д.Қ. Ахметов қатысып, сөз сөйледі.
Кездесу соңында колледждің студенттері мен жас мамандары лауазымды тұлғаларға сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Бұл кездесу «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



