
2024 жылғы 16 қазан күні Көкшетау қаласында Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға:
- ғалымдар және мемлекеттік органдардың лауазымды қызметшілері;
- студенттер мен мектеп оқушылары;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.
Конференциядағы жарыссөзге:
- Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміренова;
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Н. Негимов;
- «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Д. Қамзабекұлы;
- Сәкен Сейфуллин музейінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, академик М.О. Әбсеметов;
- әнші, актер, ақын, драматург Қ.Қ. Жүнісов;
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С. Жамбек;
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Т. Қажыбай;
- Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының жетекшісі Қ.Х. Әлиев;
- студенттер мен оқушылар қатысты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі