
“Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенімділігін арттыру” жобасы аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЗАМАН ТАЛАБЫ» тақырыбында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлымен еркін форматта пікір-талас алмасу, кездесу өткізді. Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысу арқылы жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату мен қарсы әрекет етуге тәрбиелеу пікір ойларымен бөлісу. Бүгін біз жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, құқықтық білім беру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, яғни адамның құқық негізінде өмір сүруге, заңдарды құрметтеуге, өз құқықтарын қорғауға, жалпы айтқанда жоғарғы құқықтық сана сезімді насихаттайтын, күнделікті өмірде айқын көрініп жүрген сыбайлас-жемқорлық атты негативтік құбылысты тоқтату жолдарын талқылаудамыз.
Ел Президенті Қ.К. Тоқаев екінші Ұлттық құрылтайда : «Жастардың құқықтық сауатын арттыру аса маңызды. Сонда әркім өзінің құқығын қорғай біледі және өзгенің құқығын таптамайды», деп еді.
Кездесу барысында «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сурет көрмесі және институттың «Ақпараттық-кітапханалық орталығының» заң аясындағы жемқорлыққа қарсы бағытта кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Модератор: Сарыбеков М.Н. – педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, академик, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институттың ректоры.
Кіріспе алғы сөзі: - Сарыбеков М.Н. – педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, академик, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институттың ректоры.
Дәріс оқу: - Төлендиев Қ.Е. – «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директорының лекциясы.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған бейнероликті көркемдеу.
Пікір алмасу, талқылауға, жарыссөзге шыққандар:
Айбек Ажибаев – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы
Сулейманов Халилжан Жалилұлы – «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының профессор-ассистенті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер дайындаған видеороликті көркемдеу Жакіш Анеля Болатқызы – Заң факультетінің 3-ші курс студенті
Еркін микрофон:
Кері байланыс – пікір алмасу (сұрақтар мен жауаптар) алмасу:
Студенттер: - Бауыржан Шаймерден және Аққанат Болат
Жиынды институттың ректоры Махметқали Сарыбеков қорытындылады
Кездесуге сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының белсенді мүшесі – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл облысының «Жыл патриоты» атағының иегері Битенова Үміт Қыранқызы қатысып жастар алдында өз ойымен бөлісті.
Кездесу соңында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты мен «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ қабылданды.
Дәріс барысында, негізгі тақырыппен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда атаған қоғамға қауіпті 5 кеселдер:
1. Нашақорлық, вейп және насыбай ату
2. Лудомания, яғни құмарпаздық
3. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия
4. Вандализм
5. Ысырапшылдық
Осы аталған кеселдермен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қою керектігін айтты.
Сонымен қатар, Президент атап кеткен ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі мына ҚҰНДЫЛЫҚТАРды дәріптеу:
- Тәуелсіздік және отаншылдық
- Бірлік және ынтымақ
- Әділдік және жауапкершілік
- Заң және тәртіп
- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік қағидалары.
Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің қыркүйек айында жариялаған «Елдіктің тоғыз бағыты – жас ұрпаққа бағдар» атты Үндеуі туралы да жеткізілді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Біз жастарға сенеміз!
«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі