«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Дөңгелек үстөл ұйымдастырылды

Организован круглый стол 11.10.2024

  2024 жылғы 10 қазан күні Астана қаласында Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин: халыққа арнаған өмір» атаулы ғылыми-практикалық конференция өтті.

  Бұл кешенді іс-шараны:

- «Сәкен Сейфуллин» қоғамдық қоры;

- Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті;

- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Конференцияға:

- Қазақстандық және шетелдік ғалымдар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың лауазымды қызметшілері;

- Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары;

- еліміздің барлық өңірлерінен келген делегациялар;

- студенттер мен мектеп оқушылары;

- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.

Конференцияны «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Б.Б. Мамраев ашып, модератор болып жүргізіп отырды.

Конференцияның басында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі скиперлерінің, Астана қаласы Әкімінің, бірқатар министрлердің, еліміздегі және шетелдердегі қоғамдық ұйымдардың құттықтау хаттары оқылды.

Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Б.Б. Мамраев, өз сөзінде «Қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, біртуар ақыны, жазушысы, фольклортанушы, драматург Отаншыл, ұлт қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойын бүкіл ел болып атап өтудеміз. Сакеннің өмірі мен шығармашылығы тек тарихшылар мен әдебиетшілерге ғана емес, жас ұрпаққа жақын және мағыналы. Оның дәлелі осы күндері өтіп жатқан Атырау, Өскемен, Астана қалаларындағы университет студентерінің челенджі. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Халық комиссарлары кеңесінің ұлтымыздан шыққан алғашқы Төрағасы Сәкен Сейфуллиннің отаншыл, мемлекетшіл қызметі гуманистік негіздерге толы болды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет тағдырында ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының трагедиясы көрініс тапты. Олар халыққа қызмет етті, бірақ тоталитарлық режимнің құрбаны болды. Өмірлері мен шығармашылықтары мемлекеттің, оның институттарының қалыптасуына, білімнің, экономика мен ауыл шаруашылығының дамуына, халықтың бай мәдениетің зерттеуге арналды. Сәкен Сейфуллиннің ақын, публицист, ірі тұлға, ұлттық тарихымызда ерекше орны бар мемлекет және қоғам қайраткері ретінде де жан-жақты жазылып жүр. Бірақ «Сәкентанудың» соңғы нүктесі қойылды деуге әлі ерте. Қазақстан тарихының беттерін ашу процесі жалғасып келе жатыр. Архивтер толығымен ашылды ма, ғылыми айналымға кірді ме? Бүгінгі конференциямызда белгілі отандық профессионал тарихшылар мен әдебиетшілердің пікірлерін естиміз. Сәкен Сейфуллиннің тарихи бағасы оның өмір сүрген заманына сай беріліп, «Сакентанудың» тарихы мен дәстүрлері үлкен құрметпен бағаланады деп үміт білдіреміз. Өйткені, бүгінгі тұрғыдан күрделі дәуірдің оқиғалары мен қайраткерлері туралы пікір айту, сөз саптау асқан жауапкершілікті қажет ететіні сөзсіз.» деп атап өтті.

Конференциядағы жарыссөзге барлығы 11 ғалым қатысты, оған Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О.Ә. Әбдікәрімовте қатысып, сөз сөйледі.

Конференцияның соңында «ЖАҢАРУ» РҚБ Дөңгелек үстөл ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылары мен белсенділері, конференцияға шақырылған ғалымдар, студенттер мен оқушылар қатысты.

Дөңгелек үстөлде жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелері конференция тақырыбына байланыстыра отырып талқыланды.

Дөңгелек үстөлде жарыссөзге қатысқандар Сәкен Сейфуллиннің Қазақстан басшылығында болған уақытта және басқа да лауазымдарда қызмет атқарған кездерінде:

- жастардың сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөлгендігін, мысалы, 2 мыңға жуық ұл мен қызға грант бергізіп, Кеңес Одағының Еуропа бөлігіндегі қалаларға оқуға жібергендігін;

- Қазақстанның құқық қорғау органдары мен сот жүйелерін құрғандығын;

- құқық қорғау органдары мен сот жүйелерінің іс-қағаздары мен қызметін жүргізетін «арнайы заң тілі» болу керек екендігіне көңіл бөлгендігін;

- отаншылдық идеологияны насихаттағандығын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің соңында «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов, «ЖАҢАРУ» РҚБ Ұлытау облыстық филиалының Директоры С.К. Оспан, тарихшы ғалым Б. Бердіқожаұлы, студент Е. Әмірхан «ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметіне интервью берді.

Бұл Дөңгелек үстел «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде өтті.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.


«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.15.jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.17 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.17 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.18.jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.17 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.17.jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.16 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.16 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.16 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.40.jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.39.jpeg


WhatsApp Image 2024-10-11 at 17.27.39 (1).jpeg




Тізімге оралу