Атырау қаласында «Адалдық сағаты» тақырыбына лекция ұйымдастырылды
2024 жылғы 12 қыркүйек күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Адалдық сағаты» тақырыбына дәріс ұйымдастырды.
Дәріске Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.
Лекцияны келесі тұлғалар оқыды:
- Саламат Нұрмұханұлы Идрисов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетің Басқарма басшысы-ректоры, «ЖАҢАРУ» РҚБ Атырау филиалының төрағасы;
- Ерұлан Рамазанұлы Серікқалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.
Саламат Нұрмұханұлы Идрисов, өз кезегінде іс-шараның мақсаты - жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және оларға адамгершілік құндылықтарды сіңіру екенін айтты.
Мемлекет басшысының аса мән беріп отырған мәселесі – сыбайлас жемқорлықпен күрес екенін атап, бұл істердің жүйелі жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.
Атырау университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға басты назар аударылады.
Барлық мамандықтарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні өткізіледі.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бері университетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, жол бермеу мақсатындағы комплеанс-офицер қызметі құрылды.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді зерттеу орталығының құрылғандығын, барлық білім алушы жастарға қызмет көрсетудің автоматтандырылғандығын баяндады.
Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ANTICORRUP ASU» бағдарламасы енгізіліп бұл іс-шаралар жастарды мамандықтың адал түлегі, азамат ретінде қалыптасуы және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудағы қадамдардың бірі деп атап өтті.
Ерұлан Рамазанұлы Серікқалиев, департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталды.
Сонымен қатар, жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда университеттің маңызы зор екенін атап өтті.
Білім беру ұйымдары өскелең ұрпақтың тек білімді әрі тәрбиелі болуына ғана емес, сонымен қатар адал, парасатты әрі саналы азамат ретінде қалыптасуына жұмыс жасайтын болады.
Яғни, білімді, тәрбиелі әрі адал ұрпақтан, елінің ертеңін ойлайтын, жемқорлыққа жиіркене қарайтын, елінің дамуына үлес қосатын нағыз патриот тұлға қалыптасатын болады.
Бұл кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Жиын соңында оқытушы-профессорлар мен білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі