«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Ақтөбеде дөңгелек стол өтті

В Актобе провели круглый стол 07.06.2024

Ақтөбеде дөңгелек стол өтті

   2024 жылдың 7 маусым күні Ақтөбе қаласында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің бас ғимаратындағы Ғылыми кеңес залында дөңгелек стол өтті.

   Іс-шараны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалы мен «Qamqor» Ақтөбе денсаулық  сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

   Дөңгелек стол «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.

   Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

   Дөңгелек столдың негізгі мақсаттары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын қолдау;

- Қалың бұқараны қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға көмек көрсетуге шоғырландыру;

- Сыбайлас жемқорлықты және мемлекеттік және өзге де ұйымдар мен қызметтердің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс пайдалану жағдайларын анықтауға көмектесу;

- Сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды анықтау бойынша талдау жүргізу және оларды жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

- Қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру;

- Қоғамдық бақылау құрылымдарын құру.

   Іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Семгалиев Мэлс Зайнуллаұлы;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Сабыр Кайрат Қанатұлы;

- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирзалиев Алмат Альбертович;

- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Тастанкулов Еркин Серикжанович;

- Ақтөбе облысының қорғаныс істері департаменті басшысының бірінші орынбасары Рамазанов Ерлан Моратбекович;

- Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының  бас маманы Кемешов Мади Жайлыбайұлы;

- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Мусин Надияр Маратович.

   Жиналысқа барлығы 115 адам, оның ішінде «ЖАҢАРУ» бірлестігінің «Жас Қыран» атаулы жастар ұйымының 95 мүшесі қатысты.

   Дөңгелек стол соңында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі өтті, 5 кісіге Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-06-07 at 20.36.44 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-06-07 at 20.36.44.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-07 at 20.36.43.jpeg


WhatsApp Image 2024-06-07 at 20.36.18.jpeg



Тізімге оралу