«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Формирование антикоррупционной культуры. 31.05.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

  Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарақ Министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғарғы медициналық колледжі» ШЖҚ МКК «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында студенттермен кездесу пікір алмасу, дәріс оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.
  Іс-шараға «ЖАҢАРУ»  РҚБ-ің төраға орынбасары, ҚР ІІМ-і жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР Прокуратурасының "Құрметті прокуроры" Рахметуллин Дәуклеткерей Рахметоллаұлы, 
Астана қаласы әкімдігінің «Жоғарғы медициналық колледж» ШЖҚ МКК Директоры Ақбала Нұрсейтқызы Саржанова, «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің Аппарат басшысы Алиев Қабдулла Хамитұлы, «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі Алматы аудандық филиал директоры Қаппаров Дарын Кұралұлы, Медициналық колледжді директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ахмет Күлшарипа Ыбыханқызы, колледж комплеанс-офицер қызметкері Оразбеков Даулет Бакенұлы қатысып, жастарды қоғам дертіне айналған жемқорлықтан сақтануға шақырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын сіңірудің маңыздылығын атап өтті.
  Спикер Дәулеткерей Рахметоллаұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқып, яғни әрбір оқу орны үшін адалдық пен парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, өмірлік мысалдар келтіріп, жастар тарапынан сұрақ-жауап, пікір алмасу болды.
  Кездесу, дәріс оқу барысында буклеттер таратылып, сауалнама жүргізіліп, студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сонымен қатар қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қатысты өз сұрақтарына жауап алып, пікірталас тәсілінде өте тартымды өтті.
    

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі 



WhatsApp Image 2024-05-31 at 20.05.04.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-31 at 19.53.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-31 at 19.53.15.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-31 at 19.54.34.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-31 at 19.55.24.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-31 at 19.55.41.jpeg




Тізімге оралу