«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Өскемен жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс оқылды

Проведена лекция в целях повышения правовой грамотности молодежи 17.05.2024

Өскемен жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс оқылды

  АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс оқылды

   2024 жылғы 16 мамыр күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры Жомарт Нұқанұлы Манаков, Абай атындағы Шығыс Қазақстан Гуманитарлық  колледжінің директоры Құрманов Фархат Сақанұлы, колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Жұманазарова Жанар Сағалиденованың қатысуымен студенттер жастар мен  кездесу өткізіп және оларға дәріс оқылды.

    Кездесу мен дәріс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.

    Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

    Осы кешенді іс-шараға:

- Абай атындағы Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжінің студенттері;

- БАҚ өкілдері;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.

    Дәріс «Жастарының құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім денгейін арттыру мәселелері» тақырыбына арналды.

    Кездесуде студенттер өз тараптарынан ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

    Кездесу соңында студенттерге сауалнамалар жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-05-17 at 20.10.03 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-17 at 20.10.03.jpeg


WhatsApp Image 2024-05-17 at 20.10.02.jpeg


WhatsApp Image 2024-05-17 at 20.10.02 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-17 at 20.10.01.jpeg


Тізімге оралу