«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» қозғалысының Төрағасы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

  • ЖАҢАРУ
  • Әлеуметтік жоба
  • «ЖАҢАРУ» қозғалысының Төрағасы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Председатель движения «ЖАҢАРУ» принял участие в Республиканской научно-практической конференции 14.05.2024

«ЖАҢАРУ» қозғалысының Төрағасы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

   «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев 2024 жылғы 14 мамыр күні Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратында өткен «Сағадат Нұрмағамбетов: Тумысы бөлек тұлға» атаулы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

   Бұл конференцияны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.

   Конференцияда Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңестер Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жауынгерлік мұрасы, азаматтық үлгісі, ағалық өнегесі негізінде жүргізіліп жатқан жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері қаралды.

   Бұл жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері, ардагер генералдар, ғалымдар, Астанадағы университеттер мен колледждердің оқытушылары, студенттері және курсанттары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Батырдың туған-туыстары қатысты.

ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз 



WhatsApp Image 2024-05-14 at 21.57.35 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-14 at 21.57.59.jpeg


_(70).JPG


_(106).JPG


_(117).jpg


Тізімге оралу