«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Алматы қаласындағы кездесу

Встреча в городе Алматы 26.04.2024

Алматы қаласындағы кездесу

   2024 жылғы 26 сәуір күні Алматы қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы Академиясының курсанттарымен кездесу іс-шарасы өтті.

   Іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.

   Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

   «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев жиынды модератор болып жүргізіп отырды.

   Іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:

- Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы;

- Асқар Арыстан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары;

- Ділбарханова Жанат Рахымжанқызы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы Академиясының Басшысы;

- Әбілова Әйгерім Жеңісқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы филиалының директоры;

- Абдушкуров Мұрат Мұқтарұлы – Қоғамдық кеңес мүшесі, Ауғанстандағы соғыс және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектерін үйлестіру кеңесінің төрағасы;

- Камалов Бахтияр Камалұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы;

- Шопшекбаева Айгүл Шопшекбайқызы – отставкадағы полиция полковнигі, кәмелетке толмағандар тәжірибесі саласындағы белгілі маман, Алматы қаласы ІІД Ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі, Алматы қаласы бойынша отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі;

- Тұрманов Олжас Малқаждарұлы – «KAZRENA» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының заңгері сынды беделді азаматтар өз ой ақылдарымен бөлісті.

   Жиын соңында сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.

   Кездесу барысында қатысушылар «Бейбіт күннің батырлары» стелласына барды.


«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.56 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.57 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.57 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.58 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.58 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.59 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.59 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.59 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.59.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.12.00 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.12.00.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.12.00 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.12.00 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-26 at 21.11.56.jpeg


Тізімге оралу