«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс оқылды

Проведена лекция в целях повышения правовой грамотности молодежи 28.03.2024

Жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс оқылды

     2024 жылғы 28 наурызда "Әдеп" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің басшысы, жоба лекторы Е. Нугыманов Л. Н. Гумилев атындағы "Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ колледж студенттерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Астана қаласы ІІД Байқоңыр ауданы полиция  департаментінің тергеушісі, аға лейтенант Н. Т. Айтбай, әлеуметтік жобалар бөлімінің бас маман-теологы М. Дәрібай  студенттермен кездесу өткізіп және оларға дәріс оқыды.
      Кездесу мен дәріс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.
      Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
    Осы кешенді іс-шараға:
- Л. Н. Гумилев атындағы "Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ колледжінің студенттері;
- БАҚ өкілдері;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.
     Дәріс «Жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбына арналды.
     Кездесуде студенттер өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
     Кездесу соңында студенттерге сауалнамалар жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі




WhatsApp Image 2024-03-28 at 23.35.44.jpeg

068e811d-782a-4cb7-b538-32eca4480f8d.jpg

0fd2fcf1-04ca-4c7c-ad8d-f860eddf69e4.jpg

c5f7e9c4-31ef-4517-ab96-a831d7e9665a.jpg


791ac8a5-c5e7-4aed-be40-18d3c5f3d7f1.jpg


Тізімге оралу