«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Орал қаласындағы ашық диалог

Открытый диалог в городе Орал 08.02.2024

Орал қаласындағы ашық диалог

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Жастар сарайында» 2024 жылы 05 ақпан күні  белсенді жастармен ашық диалог ұйымдастырды. 

Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобасының аясында өтті. 

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда. 

Ашық диалогтың мақсаттары: 

- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру; 
- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; 
- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру; 
- жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру. 

Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, заңгерлер, тәртіп сақшылары, әскерилер, комплаенс-офицерлер, Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері, Республикалық жоғары техникалық және Халықаралық сәулет, цифрлық технология және құқық  колледждарының студенттері, At-лицей мектебінің жоғары сынып оқушылары, бұқаралық ақпарат өкілдері, «ЖАҢАРУ» РҚБ және «Жас Қыран» жастар ұйымының белсенділері қатынасты. 


Ашық диалогқа төмендегі лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі: 

- М.З. Семғалиев – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі; 

- А.С. ӘЙТИМОВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Құрылтайшысы және Президенті, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі және вице-президенті, Орал қаласының Құрметті азаматы; 

- Ә.Н. Баяхов – «ЖАҢАРУ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы Директорының орынбасары, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры; 

- М.Ж. Қасымов – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Басшысының орынбасары; 

- А.Ғ. Дюсембиев – Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент Басшысының бірінші орынбасары; 

- Д.М. Құспанғалиев – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының номері 5517 әскери бөлімінің жедел мақсатттағы батальонының 1 ротасының командирі, аға лейтенант; 

- Л.Г. Шадиров – Орал қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің Басшысы, полиция подполковнигі. 

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы М.З. Семғалиев баяндамасының барысында аталған Әлеуметтік Жобаның орындалу барысы туралы мағлұмат берді, әлемдегі және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың барысы туралы ақпарт берді, жастардың сұрағына жауап берді, «Жаңару» бірлестігінің Орталық аппараты даярлаған «Подвиг офицера» және «Ценою жизни» атаулы видеороликтерді көрсетті, сосын БАҚ өкілдеріне сұхбаттар берді.

Диалог барысында: 

- студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, күрес, қозғалыс туралы өз пікірлерін білдірді; 


- студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы осындай іс-шаралар басқа оқу орындарында да өткізілсін деген тілек айтты;

- студенттер лауазымды тұлғаларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, олардың тарапынан нақты жауаптар алды; 
 
- студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат парақшалары таратылды; 

- студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар бойынша парақшалар таратылды; 
- студенттер арасында сауалнамалар жүргізілді. 

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы және осы филиалдың «Жас Қыран» атаулы жастар ұйымы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғылыми-білім кешені ғимаратында орналасқан. 


Батыс Қазақстандағы алдыңғы қатардағы білім мен ғылымның орталығы болып саналатын оқу орындардың бірі – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті өңірдің индустриялық-инновациялық дамуына қажет, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде табысты қызмет етуде және де жастар арасында тәрбиелік, патриоттық маңызы зор іс-шараларды ұйымдастыруға әрқашан атсалысып отырады. 


«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.43 (2).jpegWhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.43 (3).jpegWhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.42.jpegWhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.44 (1).jpegWhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.44 (3).jpegWhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.44 (2).jpegWhatsApp Image 2024-02-08 at 17.04.43.jpeg


Тізімге оралу