«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Астанадағы кездесу

Встреча в Астане 01.02.2024

Астанадағы кездесу

 2024 жылы 31 қантар күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің студентерімен «Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың негізгі шарты» тақырыбында құқық қорғау саласының мамандарымен кездесу ұйымдастырды.

Бұл кездесу «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру шеңберінде өтті.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

 Кездесудің мақсаттары:

- жастардың заңға қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар қылу;

- жастардың құқықтық қауіпсіздігін сақтау;

- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

- жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

- жастардың арасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту.

 Іс-шараға келесі лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі: 

- Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының Директоры;

- Ерұлан Сәбитұлы ТӨЛЕШОВ – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қаласы «Есіл» ауданы филиалының Директоры;

- Жамаладин Ибрагимұлы ИБРАГИМОВ – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы;

- Өмірсерік Сағындықұлы ҚОЖАБАЕВ – «Қазақстан Республикасының отставкадағы Жоғарғы Сот судьялары» Қоғамдық бірлестігінің Төрағасы.

Кездесуді «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының Директоры Дәулеткерей Рахметоллаұлы РАХМЕТУЛЛИН жүргізіп отырды.

Жарыссөз барысында келесі баяндамалар жасалды:

- Ө.С. ҚОЖАБАЕВ «Сот жүйесіндегі жасырын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері» жөнінде баяндама жасады;

- Д.Р. РАХМЕТУЛЛИН «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік» атаулы баяндама жасады;

- Е.С. ТӨЛЕШОВ «Бизнес саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» туралы баяндама жасады.

 Жиын соңында:

- студенттер баяндамашылар кездесудің мақсаттарын толығымен ашты деген пікірлерін білдірді;

- студенттер лауазымды тұлғаларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, олардың тарапынан тұжырымды жауаптар алды;

- студенттер ұйымдастырушылар таратқан анкеталарды толтырды;

- студенттерге ұйымдастырушылар тарапынан «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру құралдарының бірі болып табылатын флаерлер, буклеттер таратылды.

 

  Астана Гумилева Лекция 1.02.24г..jpeg

WhatsApp Image 2024-01-31 at 17.19.32.jpeg

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

 



Тізімге оралу