Алматыдағы семинар-кеңес
2024 жылғы 26 қаңтар күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық және жастар ұйымдарын біріктіру» атаулы тақырыппен семинар-кеңес ұйымдастырды.
Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Семинарда мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының комплаенс-офицерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, студенттер, жас қызметкерлер, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Іс-шараны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалның Директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Әлікенұлы ЖАПАРОВ жүргізіп отырды.
Семинар-кеңеске келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:
- Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Еуразия халықаралық экономикалық академиясының академигі;
- Рахман Алшанұлы АЛШАНОВ – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары Қауымдастығының Президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің Ректоры;
- Арман Тастемірұлы РАХИМОВ – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Басшысы;
- Алтынай Орманқалиқызы КӨБЕЕВА – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасы;
- Айдар Рахымжанұлы ЕСЕНБЕКОВ – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Басшысы;
- Қайыржан Ермекұлы МЕҢДІҒАЛИЕВ – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының Басшысы;
- Борис Әлікенұлы ЖАПАРОВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Алматы қалалық филиалының Директоры.
Жарыссөз барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық және жастар ұйымдарын біріктіруге, жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.
Семинар соңында студенттер мен жас қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұрақтарына мамандар жауап берді, сосын «ЖАҢАРУ» РҚБ Алматы қалалық филиалы атынан қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау керектігі айтылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі