02.08.2023
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қостанай облысы Қамшат Дөненбаева атындағы Меңдіқара кәсіптік-техникалық колледжінде ҚР АҚДМ “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының” қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға ІІМ ардагерлері, қорғаныс департаментінің, ТЖД, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, Қостанай облысы бойынша «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының төрағасы Динара Өтебаева және «ТоболИнфо» ақпараттық агенттігінің редакторы Александра Серғазинова қатысты.