«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» РҚБ жемқорлыққа қарсы форумға қатысты

РОО «ЖАҢАРУ» участвовал в антикоррупционном форуме 07.12.2023

«ЖАҢАРУ» РҚБ жемқорлыққа қарсы форумға қатысты

2023 жылғы 05 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: тәжірибесі және перспективалары» атты халықаралық форум ұйымдастырды. 

Бұл халықаралық форумға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы М.З. Семғалиев қатысты.

Форумда келесі сұрақтар талқыланды:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар: дамуы және халықаралық аспектілері.

Форум жұмысына БҰҰ және халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары мен құқық қорғау органдарының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты. 

2.jpeg

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі 


Тізімге оралу