09 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
2003 жылғы 01 қараша күні БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын қабылдады.
2003 жылғы 09 желтоқсан күні БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қол қою үшін ашылды.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бері, жыл сайын 09 желтоқсанда атап өтіледі.
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын Қазақстан 2008 жылы ратификациялады.
2013 жылғы 03 желтоқсанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.
2023 жылғы 24 қараша күні «ЖАҢАРУ» РҚБ осы даталарға арналған «БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына 20 жыл: Қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктірейік» атаулы халықаралық конференция өткізді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және барлық облыстардағы филиалдары осы даталарға арналған іс-шаралар өткізеді.
2023 жылғы 02 желтоқсан күні «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының Директоры Д.Р. Рахметуллин Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізді.
2023 жылғы 08 желтоқсан күні «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Байқаулар форумын өткізеді.
Форумда келесі байқаулардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталады:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатураға арналған Конкурс»;
- «Бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жан-жақты ашуға арналған Конкурс»;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізгені үшін Астана қаласы әкімдігінің үздік департаментіне Конкурс»;
- «Елорданың үздік мемлекеттік қызметшісі Конкурсы».
Ақмола облысында 2023 жылғы 29-30 қараша аралығында колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық – біл және жол берме» атты облыстық байқау өтті.
2023 жылғы 05 желтоқсанда Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облысы бойынша ДАПК басшысының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
2023 жылғы 07 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында Ақмола облысының командасы Алматы қаласында Антикор бөлімшелері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады.
Команда құрамында «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері, сонымен қатар «Жас Қыран» жастар ұйымының мүшелері бар.
2023 жылғы 07 желтоқсан күні ЖАҢАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық СЖҚАД басшысы және Маңғыстау облысы Әкімінің бірінші орынбасарымен жастардардың кездесуін өткізеді.
2023 жылғы 07 желтоқсан күні «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы Антикормен бірігіп «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» атаулы форум өткізеді.
2023 жылғы 08 желтоқсан күні «ЖАҢАРУ» РҚБ Абай облыстық филиалы облыстық Антикормен бірігіп Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай форум өткізеді.
Осындай іс-шаралар «ЖАҢАРУ» РҚБ басқа барлық филиалдарында да өтеді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі