Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктірейік!
2023 жылғы 24 қараша күні Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың Конституция залында «БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына 20 жыл: Қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктірейік» атаулы халықаралық конференция өтті.Бұл халықаралық конференцияны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Аталмыш халықаралық конференция БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына 20 жыл және «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына арналды.
Конференцияға Парламент депутаттары және елорда әкімдігінің, сот жүйесінің, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, орталық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, форум жұмысына саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ ғалымдар, қоғам қайраткерлері, студенттер, журналистер, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері, халықаралық ұйымдардың өкілдеріде қатысты.
Жалпы алғанда, бұл халықаралық конференцияға барлығы 100 жуық адам қатысты.
Жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы дамыту, халықаралық шарттардың нормаларын ұлттық заңнамаға енгізу, құқық қолдану тәжірибесін бақылау, мемлекеттік органдардың ашықтығы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін және жастардың құқықтық санасын қалыптастыру сұрақтары талқыланды.
Конференцияға келесі тұлғалар қатысып, баяндама жасады:
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О. Абдыкаримов;
- БҰҰ НҚБ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтық кеңесші В. Козин (онлайн);
- Астана қаласы Әкімінің орынбасары Е.Б. Байкен;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты М.Т. Құспан;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрағасы М.Д. Қожахмет;
- «Орталық Азияның сыбайлас жемқорлық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуды зерттеу институты» Қоғамдық қорының өкілі, саясат тану ғылымдарының кандидаты Э.Ж. Мамбеталиева (Қырғызстан – онлайн);
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдын алу қызметінің басшысы М.А. Қарғабай;
- «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының Директоры З.Қ. Батталова (онлайн);
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл Украиналық заңгерлер лигасының өкілі О. Подильчак (Украина – онлайн);
- Қазақстан халық партиясы Төрағасының орынбасары А.З. Асылбеков;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының Директоры Д.М. Усипбаев;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Директоры Қ.Е. Төлендиев;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Директоры Н.И. Талғат;
- Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясы Төрағасының орынбасары Н.С. Өтешев;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары Б.Б. Мамраев;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының Басшысы Қ.Х. Әлиев.
Конференцияның соңында «Сұрақ – Жауап» форматында пікір алмасу болды және тиісті ұсынымдар қабылданды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі