«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жастарды құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыру

Жастарды құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыру 07.11.2023

Жастарды құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыру

2023 жылғы 27 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында Қ. Дутбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері үшін Атырау қаласы полиция департаментіне қарасты участкелік пунктіне полицейлердің атқаратын жұмыстарымен таныстыру рейдін ұйымдастырды.

Жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

Аталмыш іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына сенімін деңгейін арттыру, жастарды құқық қорғау органдарының жұмысымен кеңірек таныстыру, полицияның жастармен өзара іс-қимылын оңтайландыру және олармен серіктестік қағидаттарын қалыптастыру, ішкі істер органдарының жұмыс сапасын арттыруға арналған реформаларға оң ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Рейдті ұйымдастыруға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы мүшесі  Аманжан Қизатбайұлы Кәрім, полиция полковнигі Атамқұлов Асқар Жолдасбекұлы, полиция пополковнигі Қаршегенов Нұрлыбек Төлеуғалиұлы, полиция капитаны Байтуреев Бахтияр Есенгелдіұлы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының мүшесі Шахманова Самал Жетісқызы және ішкі істер органдарының басқа да жауапты қызметкерлері қатысты.

Шара барысында студенттер:

- әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды қабылдайтын орнындарды көрді;     

- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын патрульдік полиция жасақтарының нұсқамасына қатысты;

- полицейлердің заманауи үлгідегі арнайы техникалары, құралдары және басқа да жабдықтары қойылған көрмені тамашалады;

- қылмысты тез арада іздестіру тәсілдері, қылмыстың алдын алудың жолдары туралы ақпараттар алды; 

- жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру туралы мамандардан ақыл-кеңес алды. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі 

 

IMG_3092.JPG          IMG_3153.JPG

IMG_3117.JPG       IMG_3142.JPG

IMG_3154.JPG      IMG-20231103-WA0082.jpg

IMG-20231103-WA0088.jpg      IMG-20231103-WA0095.jpg

IMG-20231103-WA0091.jpg      IMG-20231103-WA0069.jpg

IMG_3199.JPG        IMG_3230.JPG  

IMG_3210.JPG

  




Тізімге оралу