Астана қаласында семинар өтті
2023 жылғы 31 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Бұл семинар Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаттары:
- ұжымда құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейту;
- мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету.
Тәжірибелік семинарға Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Семинарда әкімдік қызметтерінің:
- мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүзеге асыру;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және болжау;
- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері талқыланды.
Семинарға келесі лауазымды адамдар қатысып, сөз сөйледі:
- Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Бақытжан Жүнісбеков;
- Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Алмагүл Кенебаева;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары - «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының Директоры Дәулеткерей Рахметуллин;
- Заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладен Ибрагимов;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ «Есіл» аудандық филиалының Директоры Ерұлан Төлешов.
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Бақытжан Жүнісбеков жиналғандардың назарын аудан әкімдігі аппараты қызметкерлері мен «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалдары белсенділері арасындағы өзара іс-қимылдың жанданғандығына аударды.
Бұл семинар елорда аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу тәжірибеге айналғандығын көрсетеді.
Мысалы, қала әкімдіктері:
- Азаматтарға арналған жылжымалы қоғамдық қабылдау;
- Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша мобильді үгіт-насихат тобы;
- «Ашық әкімдік» жобалық кеңсесі;
- электронды өтініштерге арналған «Азаматтарға Qamgor» мобильді қосымшасы;
- Мемлекеттік органдарға электронды өтініштерді бағыттау және олардың орындалуын бақылау орталығы сияқты қызметтерді құрып, ұйымдастырды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі