«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» 18.10.2023

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

16 қазан 2023 жылы Мәдениет және ақпараттандыру министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Орал қаласының Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде "Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу" жобасы аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Уральск (1).jpg

Уральск (5).jpg

Уральск (4).jpg

Уральск (3).jpg


Шараға университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігІнің БҚО филиалының төреағасының орынбасары Әліби Науханұлы Баяхов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Бәделханұлы Сабуров қатысып, жастарды қоғам дертіне айналған жемқорлықтан сақтануға шақырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын сіңірудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында ҚР ІІМ еңбек сіңірген қайраткері, отставкадағы полиция полковнигі, комплеанс – офицер, құқықтану ғылымдарының кандидаты Рахметов Талғат Хасанұлы әрбір жоғары оқу орны үшін академиялық адалдық пен парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Кездесу барысында студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сонымен қатар қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қатысты өз сұрақтарына жауап алып, пікірталас тәсілінде өтті .

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі


Тізімге оралу