«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Білімді жастар – болашақтың кепілі»

«Білімді жастар – болашақтың кепілі» 10.10.2023

«Білімді жастар – болашақтың кепілі»

2023 жылғы 11 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында Шымкент Индустриалды-техникалық колледжінің акт залында құқық қорғау органдарының өкілдерімен және қоғам қайраткерлерімен колледж ұжымы және жастарымен кездесу өтті.

Шымкент встреча (1).jpg                              Шымкент встреча (2).jpg

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асыруда.
Кездесу барысында ҚР Мәдениет қайраткері Абуова Гүлбала Елбайқызы, «ЖАҢАРУ» РҚБ жанынан құрылған «Жас Қыран» жастар ұйымының Шымкент қалалық филиалының жетекшісі Аршабай Асылтаң Арысбекұлы, Шымкент қалалық ПД Тұран ауданы полиция басқармасының ювеналды учаскелік полиция инспекторы, капитан Қанаев Берік Қожабайұлы сөз сөйледі.
Кездесу барысында  бүгінгі күннің талабы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру қажеттілігі талқыланды.
Кездесуге қатысқандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Отан алдындағы парызды өтеу екенін және ол әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. 
Құқық қорғау органдарының өкілдері жастардың құқықтық сауаттылығын және олардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мақсатында бұдан былай полиция қызметінде заманауи технологиялардың кеңінен қолданылатынын хабарлады.
Шара барысында лауазымды адамдарға студенттер тарапынан жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылды, ол сұрақтарға мамандар тиісті жауаптар және түсініктемелер берді.
Сондай-ақ, кездесуге қатысқандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қималдар туралы пікір алмасты. 


«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


Тізімге оралу