«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Ел болашағы – Сауатты жастар!

Будущее страны – Грамотная молодежь! 12.10.2023

Ел болашағы – Сауатты жастар!

2023 жылғы 12 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде мектеп оқушыларын Қазақстан Қарулы Күштер бөлімдерінің жұмыстарымен таныстыру үшін олардың ғимараттарында «Ашық есік күні» түрінде рейд өткізді.

СКО посещение (2).jpeg

СКО посещение (3).jpeg

СКО посещение (4).jpeg

Рейдтің өтуіне Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаменті атсалысты.
Бұл жолғы рейдке Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев және Шал ақын аудандарының 11 сынып оқушылары және «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері мен «ЖАҢАРУ» РҚБ жанынан құрылған «Жас Қыран» жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Рейд Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6637 әскери бөлімінің аумағында өтті.
Аталмыш рейдті «ЖАҢАРУ» РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының Директоры Әбілмажинов Темірғали Текебасұлы, 6637 әскери бөлімінің Командирі полковник Кибаев Ғалымжан Аманұлы, 6637 әскери бөлімі Командирінің орынбасары майор Мұқаев Мақсат Бекжанұлы, «ЖАҢАРУ» РҚБ жанынан құрылған «Жас Қыран» жастар ұйымының өкілі Букуева Анар Тұйғынқызы ұйымдастырды.

СКО посещение (5).jpeg

СКО посещение (10).jpeg

СКО посещение (1).jpeg

СКО посещение (11).jpeg


Іс-шара барысында оқушыларға, ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері мен «ЖАҢАРУ» РҚБ жанынан құрылған «Жас Қыран» жастар ұйымының өкілдеріне:
- әскерилер қолданатын қару-жарақтар мен арнайы құралдар, әскери техникалар көрсетілді;
- әскери қызметшілер тұратын казармаларды аралауға рұқсат етілді; 
- Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметі туралы ақпараттар берілді;
-  6637 әскери бөлімінің клубында «Ұлттық ұлан» туралы бейнеролик көрсетілді.
Рейд соңында 6637 әскери бөлімінің клубында жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша «сұрақ-жауап» түрінде пікір алмасу өткізілді.

СКО посещение (7).jpeg

СКО посещение (8).jpeg

СКО посещение (9).jpeg


Жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асыруда.


«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


Тізімге оралу