Құқықтық сананы жетілдіру
2023 жылғы 11 қазанда Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында дөңгелек үстел өтті
Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асыруда.
Дөңгелек үстелдегі пікір талас төмендегі тақырыптар шеңберінде өрбіді:
- Жас педагогикалық қызметкерлердің құқықтық мәдениеті;
- Құқық қорғау органдарының қызметіндегі ашықтық қағидаттары;
- Құқық қорғау органдарының қызметіндегі адалдық қағидаттары;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың нәтижелігін арттыру жолдары.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, оңтүстік елорданың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, Алматы қалалық Мәслихаттарының депутаттары, Алматы қаласының қоғамдық кеңестері мен қоғамдық ұйымдарының мүшелері, БАҚ өкілдері, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.
Дөңгелек үстелдегі мәжілісті «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары, «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің мүшесі, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев жүргізіп отырды.
Жарыссөзге төмендегі баяндамашылар қатысты:
- Тілеп Болат Анапияұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры;
- Рахимов Арман Тастемірұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы;
- Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Алматы қаласы мәслихатының төрағасы;
- Жапаров Борис Әлікенұлы – «ЖАҢАРУ» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Еуропа ғылым және өнер академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы;
- Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Сәлімбаев Қанат Әсембайұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы;
- Тәжібаев Бауржан Нартбайұлы – Алматы қаласы полиция департаментінің Жеке құрам инспекциясының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы;
- Түменбаев Сабыр Әшірбайұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі.
Дөңгелек үстелдегі жиналыстың Қорытынды баяндамасын Бейбіт Баймағанбетұлы Мамраев жасады.
Барлық шақырылғандар «баяндамалар, сұрақтар және жауаптар» форматында пікір таласқа қатысып отырды.
Талқылау барысында сөз сөйлегендер құқықтық мәдениеттің теориялық негіздеріне тоқталып, құқықтық мәдениеттің сыбайлас жемқорлықты барынша азайтатын тәжірибелерден мысалдар келтіре отырып, сол арқылы құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты екенін дәлелдеп, құқықтық мәдениетті дамыту бойынша ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтты.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың негізгі шарты жастардың құқықтық мәдениетін арттыру керек екендігі туралы Ұсынымдар қабылданды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі