«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жоба аясындағы шаралар

Мероприятия в рамках проекта 11.10.2023

Жоба аясындағы шаралар

2023 жылғы 10 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобаның шеңберінде Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасы ғимаратында ІІМ құқық қорғау органдары органдарының жұмысымен танысу рейдтік іс-шара өткізілді.  
Бұл әлеуметтік жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамының қолдауымен жүзеге асыруда.

Шымкент фото (1).jpeg

Шымкент фото (2).jpeg

Аталған рейдті ұйымдастыруға «ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қалалық филиалының директоры Талғат Нұрдаулет Ибадұллаұлы, «ЖАҢАРУ» РҚБ «Жас Қыран» жастар ұйымының жетекшісі Аршабай Асылтаң Арысбекұлы, Шымкент қалалық ПД Тұран ауданы полиция басқармасының ювеналдық учаскелік полиция инспекторы, капитан Қанаев Берік Қожабайұлы, Индустриалды-техникалық колледжінің директоры Исахметов Тілек Исахметұлы атсалысты.
Қалалық құқық қорғау органдарының жұмысымен танысу рейдіне «Жас қыран» жастардың ұйымының  белсенділері және Шымкент қаласының Индустриалды-техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Олар рейдтік іс-шара кезінде:
- Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасы ғимаратын аралап көрді;
- құқық қорғау органының жұмыс барысымен танысты;
- полиция қызметі туралы толыққанды ақпарат алды;
- мамандармен жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу өткізді.

Шымкент фото (3).jpeg


«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



Тізімге оралу