18.11.2026
Батыс Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың рөлі күшейтілді
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Айтімов Аксерік Сарыұлының бастамасымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында өңірлік «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы» КММ-ің басшысы Хамзин Закир Улыкбекұлымен маңызды кездесу өттіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған меморандумның аясында тараптар бірнеше бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр:
1. Ведомствоаралық және қоғамдық өзара іс-қимылды нығайту. Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және жастар орталығы арасындағы байланысты күшейтіп, ортақ алаң құру.
2. Бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру. Адалдық сағаттары, дөңгелек үстелдер, форумдар, дебат турнирлері, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» акциялары мен челлендждерін өткізу.
3. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Әлеуметтік желілерде, оқу орындарында және жастар көп шоғырланатын орындарда жемқорлықтың зияны туралы түсіндіру, парасаттылық идеологиясын насихаттау.
4. Жастарды құқықтық ағарту. Жастарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңдарды білуге және құрметтеуге үйрету, сыбайлас жемқорлық фактілерімен бетпе-бет келгенде қалай әрекет ету керектігін үйрету.
5. Азаматтық бастамаларды қолдау және еріктілерді дамыту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер корпусын құру, оларды оқыту, қоғамдық бақылау тетіктеріне тарту.
Салтанатты рәсімге екі ұйымның басшылары, белсенді жастар, еріктілер және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Бұл құжат – формалды келісім ғана емес, өңірдегі жемқорлыққа қарсы иммунитеті бар жаңа буынды тәрбиелеуге бағытталған нақты қадам.
Мұндай ынтымақтастық қоғамдық өмірге белсенді қатысып, құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қоса алатын белсенді, жауапты және әлеуметтік бағытталған ұрпақты қалыптастыру аясында ерекше маңызға ие.
Өткізілген кездесу мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың және жастар ортасының өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ынтымақтастық қоғамдық өмірге белсенді қатысып, құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қоса алатын белсенді, жауапты және әлеуметтік бағытталған ұрпақты қалыптастыру аясында ерекше маңызға ие. Себебі құқықтық тәрбие – бұл тек заңдарды жаттап алу ғана емес, сонымен қатар заңмен өмір сүру, әрбір шешімде адалдықты таңдау. Әділетті қоғам құру осылайша азаматтық ұстанымды қалыптастырудан басталады!
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


