13.11.2026
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫН ЕНГІЗУДІ ЖЕДЕЛДЕТУ БОЙЫНША ҮШІНШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӨТЕТІН АЙМАҚТЫҚ ПЛАТФОРМАНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН КОФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласында 2026 жылғы 12-13 қараша күндері өткен конференцияға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев қатысып «Азаматтық қоғам тұрғысынан БҰҰ СЖҚК жүзеге асыруды шолудың 1-ші циклінің ұсынымдарын іске асыру барысын қарау» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға Қазақстан Қырғыз Республикасы, Түрікменстан , Өзбекстан , Әзірбайжан елдерінен келген көптеген делегаттар қатысты.
Панельдік пікірталаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтарын айқындау және оның нәтижелерін бағалау мақсатында сыбайлас жемқорлықты өлшеу құралдарын пайдалану, сыбайлас жемқорлықты өлшеу әдістері, кешенді индекстердің компоненттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтары, оны іске асыру нәтижелері мен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердегі өзгерістер арасындағы өзара байланыс мәселері талқыланып тұшымды ұсынымдар даярланды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі