20.10.2026
БАС КЕҢСЕДЕ ZOOM-КЕҢЕС ӨТТІ
2026 жылғы 20 қазан күні сағат 11:00-де «ЖАҢАРУ» РҚБ Бас кеңсесінде өңірлік филиалдардың қатысуымен кезекті ZOOM-кеңес өтті.
Кеңесті Бас кеңсе ұйымдастырып, модераторлық етті. Жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ-ның төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев, Төраға орынбасары Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев, Орталық аппарат басшысы Қабдолла Хамитұлы Әлиев және барлық өңірлік филиалдарының төрағалары мен жауапты хатшылары, Бас кеңсе қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде – 2026 жылы өткізілген іс-шаралар бойынша есеп, орындалмай қалған жоспарларды талдау және IV тоқсанға арналған міндеттерді айқындау қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
· Өңірлерде өткізілген іс-шаралар бойынша есеп беру.
· Жоспарланған, бірақ өткізілмей жатқан шаралар бойынша түсініктеме.
· Жыл соңында шығатын «ЖАҢАРУ» газетіне берілетін мақалалар.
Есеп беру барысында: Филиал басшылары ағымдағы кезеңде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша:
Өңірлердің есептері қанағаттанарлық деп танылды.
Әр филиалға IV тоқсанға арналған іс-шаралар жоспарын нақтылау тапсырмасы берілді.
Бас кеңсе тарапынан барлық өңірлік филиалдарға өткізілмеген шараларды 25 қарашаға дейін толық аяқтау, фотоесеп пен ақпараттық материалдарды орталыққа уақытылы жолдау тапсырылды.
Өңірлермен өзара ақпарат алмасуды күшейту, ZOOM-кеңестерді жиі өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.
Жиын іскерлік және сындарлы жағдайда өтті.

«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі