16.10.2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамның негізі
Ағымдағы жылы 14 қазанда «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының Қоғамдық кеңесі «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен оның қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, заң талаптарын сақтауға, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның негізгі көріністері, құқықтық жауапкершілік және жастардың қоғамдағы азаматтық жауапкершілігі мәселелері қамтылды.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Сақтағанов Абай Дидарұлы сыбайлас жемқорлықтың мәні мен негізгі көріністері туралы жалпы түсінік берді. Ол сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына, әлеуметтік әділеттілікке және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсерін түсіндірді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Спикер жастардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе білім алу, спорттық жетістіктерге жету және болашақ кәсіби қызметте адал еңбек пен әділ бәсекелестік қағидаттарын ұстанудың маңызын жеткізді. Ол жастарды кез келген жағдайда заңсыз артықшылықтарға жол бермеуге және өз жетістіктеріне адал еңбегі арқылы жетуге шақырды.
Екінші болып сөз сөйлеген Әлиев Қанат Советұлы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген құқықтық жауапкершілік мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауаптылықтың түрлері мен құқықтық салдарын түсіндіріп, тақырыпты нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Баяндама барысында пара алу және беру, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, таныстық арқылы заңсыз артықшылыққа ие болу сияқты әрекеттердің құқыққа қайшы екені айтылды. Спикер мұндай әрекеттердің жеке адамға ғана емес, қоғамға да зиян келтіретінін атап өтті. Сондай-ақ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын түсіндіріп, жастарды өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын сақтауға және қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатыспауға шақырды.
Үшінші болып сөз сөйлеген Ұлданов Арман Егізбайұлы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және оның алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Ол қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы бейнеролик ұсынып, оны бірге тамашалауды ұйымдастырды. Бейнематериал арқылы сыбайлас жемқорлықтың салдары мен оған қарсы іс-қимылдың маңыздылығына назар аударылды.
Сонымен қатар спикер сыбайлас жемқорлыққа қатысты статистикалық мәліметтерге тоқталып, бұл мәселенің өзектілігін атап өтті. Ол жастарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ақпаратты тек өздері біліп қана қоймай, оны айналасындағы адамдарға да жеткізіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға үлес қосу қажеттігін айтты. Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы мен заңға құрметі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететіні жеткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызы, құқықтық жауапкершілік және қоғамдағы адалдық қағидаттарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спикерлер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және қоғамдық институттардың өзара іс-қимылы маңызды екенін атап өтті.
Кездесу жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Іс-шараға қатысқан 70 адамға тақырып бойынша маңызды ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіне әрбір азаматтың үлес қосуы қажеттігі түсіндірілді, сондай-ақ қатысушыларға брощюралар таратылды.
Қорытындылай келе, мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі