07.10.2026
Ертеңгі қоғамымыздың қандай болатынына бейжай қарамайтын жандар бас қосқанда, әңгіме әрқашан мазмұнды әрі нәтижелі болады.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ - і Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында өңірлік мемлекеттік өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие, құқықтық мәдениет және жастар арасында адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін талқылаған маңызды кездесу өтті.
Кездесуге Ақмола облысы Білім басқармасының өкілі Айгүл Сағынбайқызы Мағавина, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Амангелдіұлы Құсайынов, А. Мырзахметов атындағы университеттің «САНАЛЫ ҰРПАҚ» клубының жетекшілері Виктория Фурман мен Илья Заяц және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-гі Ақмола облыстық филиалының директоры Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Игорь Геннадьевич Плюснинқатысып отырды.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын қалай тиімді етуге болатындығы, жастарды бұл үдеріске қалай тартуға болады және ең бастысы – адалдыққа деген көзқарасты формальды талап ретінде емес, өмірлік ұстаным ретінде қалай қалыптастыруға болады деген мәселелерді талқылап , ой пікір ,кеңестерімен алмасып ашық диалог форматында өтті.
Кездесуге қатысқан өкілдер тарапынан атап айтсақ, яғни бүгінгі таңда білім беру саласының, мемлекеттік сектордың, студенттік қауымдастықтың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің бірге болғандығының маңыздылығы, тек күш біріктіргенде ғана нақты өзгерістерге қол жеткізуге болатындығы атап өтіліп мемлекеттік органдар тарапына ұсынымдар әзірленді.
Тәрбие жеке үлгі-өнегеден басталады. Егер біз ертең адал әрі жауапты қоғамды көргіміз келсе, оның құндылықтарын дәл бүгін қалыптастыруымыз керек. Адалдық – бұл таңдау. Жауапкершілік – бұл ұстаным. Болашақ – бұл біздің ортақ жұмысымыз деп Игорь Геннадьевич өз ойымен түйіндеді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі