02.10.2026
«АДАЛДЫҚ БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ»: «ЖАҢАРУ» РҚБ -гі өкілі А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесті
Аталған іс-шара 1 қазан А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде ерекше өтті. Басты спикер ретінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қостанай облыстық филиалының директоры Асқар Болатұлы Жабаев журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттеріне дәріс оқыды. Дәріс «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында өткізілді.
Бұл неге маңызды? Өйткені сыбайлас жемқорлық – есептердегі құрғақ сандар ғана емес, бұл адал да әділ қоғамға апарар жолдағы кедергі. Залда болашақ журналистер мен медиа-менеджерлер – 40 студент жиналды. Олар – ертеңгі қоғамдық пікірді қалыптастырушылар, сондықтан олардың адалдық пен әділдік мәселелеріндегі ұстанымдары өте маңызды.
Біз құқықтық сауаттылықтың өз мүдделерімізді қорғауға қалай көмектесетінін және неліктен шет қалмау керектігін талқыладық. Студенттердің шынайы қызығушылығын, өзекті сұрақтарын және әрқайсымыздың қоғам мәдениетіне қалай әсер ете алатынымызды түсінуге деген ұмтылысын көру қуантты. Жоба аясындағы дайындалған насихат парақшалары таратылып, QR форматында сауалнама жүргізілді.
Біз жастар өздерінің құқықтық алаңдағы рөлін сезінгенде, жақсылыққа қарай бетбұрыс сөзсіз болатынына сенімдіміз.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі