01.10.2026
АДАЛДЫҚ – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
2026 жылғы 24 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты жобасы аясында маңызды кездесу өткізіліп, дәріс оқылды. Дәрістің спикері «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы директоры Ғани Құрмашұлы Рысбеков және «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Еркебалаев Даурен Назымханұлы болды.
Кездесу іс-шарасының мақсаты – жастардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру. Жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Дәріс барысында спикер жастарға адалдықтың адам бойындағы ең басты құндылық екенін түсіндірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азаматтардан басталады», «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады» және «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына, экономикаға және әрбір азаматтың өміріне тигізетін кері әсері нақты мысалдармен көрсетілді. Студенттерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы, жауапкершілік түрлері және жемқорлыққа қарсы тұру жолдары түсіндірілді. Спикер адалдық адамның басты құндылығы екенін, әділ қоғам тек адал еңбек пен адал табыс арқылы құрылатынын атап өтті.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды, адалдық пен әділдік туралы пікір алмасты. Олардың түсінігін, ойын білу мақсатында сауалнама және ақпараттық насихат парақшалары таратылды.
Студенттер дәріс соңында парасаттылық пен әділдікке негізделген сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әрқайсымыздың қолымызда екен деген ортақ қорытындыға келді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі