«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты»

«Правовая культура – основное условие минимизации коррупции в обществе». 25.09.2023

«Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты»

2023 жылғы 25 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының белсенділері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы ұжымының жас қызметкерлерімен кездесу өткізді.

WhatsApp Image 2023-09-25 at 23.16.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-09-25 at 23.16.07.jpeg

Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Аталған кездесуге:  
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының Директоры Д.Үсіпбаев;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті  Басшысының бірінші орынбасары Б. Хайруллин;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция Басшысының міндетін атқарушы  Ж. Дуанаев қатысты.
Кездесуге қатысқан жас қызметкерлер жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелеріне қатысты өз пікірлерін білдіріп, сонымен қатар «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалының белсенділеріне сұрақтарын қойып, кездесудің пайдалы өтуіне атсалысты.


Тізімге оралу