14.08.2026
«Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында»
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Жезқазған қаласында «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалы мен Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.«Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, парасаттылық, әділдік және ашықтық қағидаттарын насихаттау, жастардың азаматтық белсенділігін дамыту, сондай-ақ аталған бағыттар бойынша бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру.
Халықаралық жастар күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесу жемісті өтіп, шара барысында жастар мәселесі талқыланып, жоба аясында бірлесе өткізілетін жоспарлар белгіленді. Аға буын тәжірибемен бөліссе, жас буын жаңа көзқарастарын ортаға салып жастардың әлеуетін еліміздің дамуына бағыттау жұмыстары осылайша кешенді түрде жүргізіліп келеді.
Президентіміз айтқандай, «Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында».
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі




