«Білімді жастар – болашақтың кепілі»
2023 жылғы 22 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының белсенділері Маңғыстау Энергетикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Аталмыш іс-шараға:
- «Таулы Қарабахтағы этнос аралық қақтығыстарды реттеуге арналған ұрыс қимылдардың ардагерлері» Қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша Төрағасы Н. Әбдірашит;
- «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сарапшысы М. Шырақбай;
- Маңғыстау Энергетикалық колледжінің Директоры А. Жұмағали;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының белсендісі А. Шамшадинова қатысты.
Жиынға қатысқан студенттер жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелеріне қатысты өз пікірлерін білдіріп, «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалының белсенділеріне сұрақтарын қойып, кездесудің мазмұнды өтуіне атсалысты.