24.06.2026
«Жасөспірімдер арасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу» оқыту семинар курсы.
2026 жылғы 23 маусымда Шәкәрім университетінде «Жасөспірімдер арасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында оқыту семинары курсы өткізіліп, мамандар біліктілігін арттырды.
Семинардың ашылуында «ЖАҢАРУ» РҚБ Абай облыстық филиалының директоры Д.Орынбеков қатысушыларды қарсы алып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы мекемеаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Оқыту семинары курсы барысында педагог-заңгер Н.Газизова «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі және құқықбұзушылықтың әлеуметтік-құқықтық аспектілері» тақырыбында дәріс оқып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері туралы ақпарат берді.
Шәкәрім университетінің Психологиялық қызмет орталығының жетекшісі Қ.Нурмухамбетова «Жасөспірім мінез-құлқының қалыптасуы: эмоция, орта және шешім қабылдау» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, девианттық мінез-құлықтың психологиялық себептері, тәуекел факторлары және олармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері бойынша тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырды.
Іс-шараға Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, психологтар, әлеуметтік педагогтар және білім беру ұйымдарының мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар курсы соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

ЖАҢАРУ РҚБ Баспасөз қызметі