16.06.2026
Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстан. Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 Әскери бөлімінің құрамымен ашық диалог.
2026 жылдың 16 маусымында Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 Әскери бөлімінің құрамы мен «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділерінің кездесуі өтті.
Диалог алаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтқан: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» тақырыбы тілге тиек болды.
Ашылу рәсімін алғы сөзбен Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 Әскери бөлімінің командирі, полковник Боранбаев Ерлан Кәрімжанұлы ашты.
Іс-шараның модераторы "ЖАҢАРУ" РҚБ төрағасы Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы «Жастардың құқықтық тәрбиесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасымен таныстырып, бірлестіктің қызметіне тоқталды, сөйлеушілерді таныстырып өтті.
Кездесуде Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов («ЖАҢАРУ» РҚБ құрметті төрағасы), Дархан Қамзабекұлы Мыңбай («ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңес мүшесі) сөз сөйледі.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Өзара пікіралмасу белсенді әрі қызықты өтті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі