«АДАЛ ОЙЫН – АДАЛ ҚОҒАМ» ТУРНИРІ
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында қалалық шағын футбол турнирі өтті.
Жарыстың мақсаты – құқықтық сауаттылық, жастардың салауатты өмір салтын ұстануға баулу арқылы бұқаралақ спортты дамыту, қоғамда әділдік, адалдық және салауатты өмір салтын насихаттау.
Додаға 5 команда қатысып, айналмалы ойында өзара кім мықтыны анықтады. Жанкүйерлердің делебесін қоздырған, соңғы секундтарға дейін шиеленісті өткен ойындардың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:
1-орын - «Семей банкінің орталық несиесі»
2-орын - «Саналы ұрпақ»
3-орын - «Мемлекеттік қызметшілер» командасы
Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Қатысқан барлық командаларға шынайы спорттық рух пен «Адал қоғам» қағидасын қолдағандары үшін алғыс айтамыз! Спорт - денсаулық кепілі, ал адалдық - қоғам тірегі!

ЖАҢАРУ РҚБ Баспасөз қызметі