24.04.2026
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар-тренинг өткізілді.Семинар-тренингті заң ғылымдарының PhD докторы Толысбаева Алия Дюсеновна жүргізді. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын және әр азаматтың жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді.
Шараға жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысып, тақырып аясында пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар түрлі құқықтық жағдаяттарды талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырып, өз пікірлерін ортаға салды. Бұл тәжірибелік бөлім жастардың құқықтық ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік берді.
Семинар барысында "ЖАҢАРУ" ұйымының ақпараттық буклеттері таратылып, жастар ұйымның қызметі және негізгі бағыттарымен танысты.
Аталған іс-шара жастар арасында адалдық қағидаттарын нығайтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


