23.04.2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗІ АТТЫ ТРЕНИНГ
21 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында студенттермен профилактикалық тренинг өткізілді.
Мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, соның ішінде цифрлық гигиена бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ дропперлік (алаяқтық) схемаларға қатысудың құқықтық салдарын жан-жақты түсіндіру болды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының өкілдері қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Ізбасаров Әлібек Өмірзақұлы «Заң мен тәртіп» – әділетті Қазақстанның негізі, «Заң мен тәртіп – қоғамдағы әділдіктің басты көрсеткіші. Бұл – заң алдында бәрі тең деген сөз» дегенді жете айтты.
Интерактивті әдіспен өткен тренинг ақпаратты, қызықты бейнежазбалармен толықтырылды.
Кездесу барысында студенттерге заманауи қаржылық қауіптер, интернет алаяқтықтың түрлері, төлем деректерін қорғау жолдары және күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақтану тәсілдері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара ашық форматта өтіп, студенттер өз сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттармен қамтылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі