21.04.2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫНА ТРЕНИНГ «ӘДІЛЕТ VIBE» ДЕБАТ САЙЫСЫ
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің құқықтықтық пәндер кафедрасы мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ еркін әрі дәлелді пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру болды.
Дебат барысында қатысушылар өзекті қоғамдық-құқықтық мәселелерді талқылап, заң мен тәртіптің маңыздылығына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Пікір сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау, талдау және шешендік дағдыларын көрсете білді.
Осындай іс-шаралар студенттердің зияткерлік әлеуетін арттырып, кәсіби бағытта дамуына ықпал етеді. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі